"Үндестік" облыстық жобасын іске асыру бойынша ақпарат
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай ауданының білім бөлімінің Тобыл қаласындағы №2 жалпы білім беретін мектебі" КММ.
Жобаның мақсаты: қолайлы оқу-тәрбие өрісін құруға бағытталған әлеуметтік әріптестік қағидаттары мен шарттарында отбасы мен білім беру ұйымдарының жүйелі, кешенді, Үйлестірілген әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық ұзақ мерзімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.
"Үндестік" жобасы біздің мектепте келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылуда:
1. Ғылыми-әдістемелік бағыт;
2. Диагностикалық-аналитикалық бағыт;
3. Профилактикалық бағыт;
4. Консультативтік-ағартушылық бағыт;
5. Даму бағыты.
Ата-аналармен өзара әрекеттесудің келесі формалары қолданылады:
- Ашық ата-аналар жиналысы;
- Ата-аналар дәрісі;
- "Біз біргеміз"тимбилдингі;
- Бірлескен қызмет.
Сынып жетекшілерінің, психологтардың және әлеуметтік педагогтың ата-аналарымен жеке жұмыс жүргізіледі:
- Сауалнама және диагностика;
- Ата-аналармен тренингтер;
- Үйге бару;
- Кеңес беру.
Отбасы мен білім беру ұйымының өзара іс-қимылы жөніндегі жобаны іске асыру барысында мынадай нәтиже болжанады:
1. Ата-аналардың, педагогтардың психологиялық-педагогикалық мәдениетін арттыру;
2. Білім беру ұйымдарында ашық және қолжетімді әлеуметтік-педагогикалық жүйені құру арқылы ата-аналарда, балаларда және педагогтарда нәтижелі бірлескен қызмет және оқуда, шығармашылықта және әлеуметтік Өмірде өзін-өзі табысты іске асыру тәжірибесін қалыптастыру;
3. Ата-аналармен бұқаралық іс-шаралар жүйесін құру, бірлескен қоғамдық маңызы бар қызметті ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар;
4.Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлін күшейту;
5.Тәрбиешілер мен ата-аналардың, сондай-ақ жұртшылықтың әлеуметтік серіктестігі үшін ақпараттық кеңістік құру;
6. Ата-аналардың оқу-тәрбие іс-әрекетінің мазмұны мен нәтижелілігіне қанағаттануын арттыру.
Оқу жылы аяқталғаннан кейін жоба тиімділігінің критерийлеріне сәйкес жоба бойынша жұмыс нәтижелерінің қорытындылары шығарылады.
"Үндестік" жобасының жұмыс жоспары.
Қостанай облысының "ҮНДЕСТІК"білім беру ұйымдарында педагогтер мен ата-аналардың өзара іс-қимылын жақсартуға бағытталған облыстық жоба
"ҮНДЕСТІК" жобасын іске асыру бойынша мектеп қызметінің алгоритмі
"ҮНДЕСТІК" облыстық жобасын іске асыру туралы бұйрық
Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламалары
Ата-аналар жиналысын өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар
Орта білім беру ұйымдарында балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша әдістемелік ұсынымдар
"Қостанай ауданының білім бөлімі" ММ білім беру ұйымы мен отбасының өзара іс-қимылын үйлестіру жөніндегі кеңестермен 2023-2024 оқу жылына арналған өзара іс-қимыл жоспары