Президент Қ. Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарға қол қойды.
Негізгі Заң 15 заңнамалық актісіне, оның ішінде жеті кодекс пен сегіз заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Ілеспе заң әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізуді қарастырады. Кәмелетке толмағандарды қорлау (қорқыту, кибербуллинг) және 16 жасқа толмаған баланы қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіру және басқа да түзетулер үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленеді.
Президент Қ. Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарға қол қойды.
Қабылданған заңның басты міндеті балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіру, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстардың алдын алу және жолын кесу болып табылады.
Президент Қ.Тоқаев әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін үнемі көтеріп отырады. Президенттің бастамасымен 2019 жылдан бастап әйелдер мен балалардың жыныстық қол сұғылмаушылығына, адам саудасына қарсы қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. ІІМ құрылымында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша арнайы бөлімшелер құрылды. Ел Президентінің тапсырмасы бойынша 2021 жылы олардың штат саны 256 бірлікке дейін ұлғайтылды. Мұндай лауазымдар қазір әрбір қалалық және аудандық полиция органында бар. Сондай-ақ, әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық-зомбылық қылмыстарын тергеу бойынша әйел тергеушілердің мамандануы енгізілді.
2023 жылы Мемлекет басшысы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісі үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды. Бұл тапсырма Президенттің Жарлығымен 2023 жылғы 8 желтоқсанда бекітілген Адам құқықтары мен заңның үстемдігі саласындағы іс-қимыл жоспарына енгізілді. Оны іске асыру шеңберінде мүдделі мемлекеттік органдар Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен және Парламент Мәжілісінің депутаттарымен бірлесіп әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көріністері үшін жауапкершілікті қатаңдатуға, отбасы институтын нығайтуға және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық түзетулер әзірледі.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықты криминализациялау Президенттің әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісі үшін жауапкершілікті күшейту туралы тапсырмаларын орындау болып табылады.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының негізгі тармақтарының бірі болды. Жаңа заңдар пакетінің қабылдануымен оның отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылды күшейту туралы сайлауалды уәдесі толығымен орындалды.
Әйелдер құқығын қорғау - шынайы демократияның көрінісі
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң біздің қоғамды демократияландыру бағытындағы тағы бір қадам болып табылады.